Ал алдағы бірнеше күнде Қазақстан
аймақтарында жауын-шашын болып, күн суытады. Бұл жөнінде «Қазгидромет» ортағылы
хабарлауда.
Синоптиктердің мәліметінше, тек ОҚО-да
күн аздап жылы болды. Ал солтүстік пен
солтүстік-батыс өңірлерде қар жауып, көктайғақ болады. Кей жерлерде қалың тұман
түседі. Қарашаның 6-ы мен 8-і аралығында Ресейдің еуропалық аумағындағы суық
антициклон Қазақстанға ығысып, аяз болады деп болжануда. Тіпті термометр
көрсеткіші 13 градусқа дейін төмендейді.
Ал, оңтүстікте керісінше, ауа
температурасы 15 градус жылылықты көрсетеді. Бұл
аймақтарда тек 8-қараша күні күн суыта бастайды. Жалпы,
қарашаның соңында елімізде нағыз қыс басталады деп күтіледі. Биылғы қыс қаһарлы
болады деген болжам бар.
Илхам ИБРАГИМ