$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Олимпиада астанасы ашық дауыс беру арқылы таңдалуы мүмкін

AstanaTV
07.11.2014ж. 10:00
1026
Олимпиада астанасы ашық дауыс беру арқылы таңдалуы мүмкін

Олимпиада ойындарын өткізетін қала ашық дауыс беру арқылы таңдалуы керек. Мұндай батыл мәлімдемені Халықаралық Олимпиада комитетінің мүшесі Поуль-Эрик Хойер жасады.

Комитеттің желтоқсанда Монте-Карло қаласында өтетін кезектен тыс сессиясында оның саясатына өзгерістер енгізілуі мүмкін. Мұндай жаңашылдықтар олимпиадалық қозғалысқа деген сенімділікті арттырып, болашақта ойындарды өткізугісі келетін елдер санын артыруға ықпал етеді деп санайды Хойер. Және ойындар қарсыңында өрбитін өсек-аяңдарды сейілтуге де септігін тигізбек. Поуль Эрик Хойер халықаралық олимпиада комитетінің мүшесі болып ақпанда ғана сайланды.

Есек саламыз, 2022 жылы өтетін қысқы Олимпиада ойындарына үміткер ретінде дәл қазір екі қала қарастырылып отыр - Бейжің және Алматы.

Айгүл ӘДЕПБАЙ