$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Қызылордада шыны зауытының құрылысы басталмақ

AstanaTV
07.11.2014ж. 13:00
1063
Қызылордада шыны зауытының құрылысы басталмақ

Қызылордада шыны зауытының құрылысы басталмақ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте Қызылорда облысының әкiмi Қырымбек Көшербаев мәлiмдеді.

«Аймақта шыны зауыты салынады деген ақпар тарағалы бiршама уақыт өткенi белгiлi. Ал, биыл көптен күткен зауыт құрылысы басталады. Жобаны жүзеге асыру оңай болды деп айта алмаймын. Бастысы, қаржылық мәселелер шешiлдi. Жаңа жылға дейiн құрылысын бастаймыз деп отырмыз», - деп атап өттi өңiр басшысы.

Облыс әкiмiнiң айтуынша, бұл жоба жүзеге асқан жағдайда жылына 200 мың тонна шыны шығарылады. Осы арқылы ішкі қажеттіліктің 70 пайызын өтеледі, ал қалған 30 пайызы Орталық Азия елдеріне экспортталады.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстан тұрмысқа қажетті шыныларды Қытай, Ресей, Қырғызстан мен Түркия елдерінен сатып алып отыр.

Базаркүл ОТЫНШИЕВА