$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматыда қоғам қайраткерлері мен саясаттанушылар Елбасының Жолдауын талқылады

AstanaTV
14.11.2014ж. 20:00
1545
Алматыда қоғам қайраткерлері мен саясаттанушылар Елбасының Жолдауын талқылады

«Нұрлы жол» - Мәңгілік елге бастайтын жол. Бұл туралы қоғам қайраткерлері Алматы қаласында өткен Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі отырысында мәлімдеді. Елбасының Жолдауын талқылаған танымал тұлғалар, бұл құжат елімізді баянды болашаққа бастайтын бағдар деген баға берді.

Мінберден сөйлеген қоғам қайраткерлері жастарға болашақта баспана қолжетімді бола түсетіні туралы айтты. Баспананы тікелей, делдалдарсыз және несиеге барынша төмен пайызбен ұсыну - Жолдаудағы басым бағыттардың бірі. «Келер жылдың бірінші қаңтарынан бастап бастапқы жарнасыз, төмен пайызды ипотекамен баспаналы болу - бұл ертегі емес, Елбасының Жолдауында жазылған», - дейді Рахман Алшанов.

Жиынға қатысушылар Мемлекет басшысының сейсенбідегі Жолдауында шағын және орта бизнеске қолдау көрсетудің басты бағыттарын айқындап бергенін тағы бір мәрте айтып өтті. Тіпті Үкіметке отандық кәсіпкерлерді жеңілдікпен несиелеуге қосымша 100 миллиард теңге бөлу тапсырған болатын. Бұл сала ел экономикасының нығаюында ерекше орын алатыны айтпаса да түсінікті. Бір Алматы қаласының өзінде шағын және орта бизнес үлесі 25 пайыз болғанымен, қазынаға түсетін қаржының 60 пайызы осы салаға тиесілі.  

Рахман Алшанов, ҚР жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті:

Кеше ғана қаржы дағдарысы, бүгін қарыз дағдарысы, жұмыссыздық өрбіп келе жатыр. Дағдарысқа алдын ала шара қолдану - біздің тарихымызда, дүниежүзілік тарихта кездеспейтін нәрсе. Бұл батыл шешім, Қорды қиын жағдайда пайдаланамыз дедік. Өткен 2007-2009 жылдарғы дағдарыста 22 млрд теңгені жұмсадық. 

Берік ХАСЕНОВ