$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Қарағандының тергеу изоляторынан 2 күдікті қашып шықты

AstanaTV
10.11.2014ж. 10:00
1028
Қарағандының тергеу изоляторынан 2 күдікті қашып шықты

Қарағандының тергеу изоляторынан екі күдікті қашып кетті. «Оқиға кеше қылмыстық атқару жүйесі комитеті облыстық депратаментінің АК 159/1 тергеу изоляторында түс ауа орын алды», - деп департаменке сілтеме жасай отырып, «Интерфакс-Қазақстан» хабарлады.

Қашу фактісін тергеу изоляторы бастығының міндетін атқарушы Бүркіт Садақов растады. Айтуынша, қашқындар іздестірілуде. Ал әзірге өзге еш ақпар жоқ.

Ал ақпарат агенттігінің мәліметінше, қашқындар өздері жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан әкімшілік ғимараттың терезесіндегі темір торды бұзып, табандарын жалтыратқан көрінеді.

Жұрағат БАМАН