$485.11 €523.82 ₽5.02
×

АҚШ полицейлері 2011-2012 жылдары Қазақстанда терракт ұйымдастыруға тікелей қатысы бар күдіктіні өлтірді

AstanaTV
10.11.2014ж. 13:00
1101
АҚШ полицейлері 2011-2012 жылдары Қазақстанда терракт ұйымдастыруға тікелей қатысы бар күдіктіні өлтірді

2011-12 жылдары Қазақстанда жасалған бірнеше лаңкестік әрекеттерді ұйымдастыруға ықпалдасқан террористтердің бірі - америкалық пилотсыз ұшақтың әуеден бомбалауы кезінде өлтірілді. Бұл туралы France-Presse агенттігі хабарлайды.

Мақалада жазылғандай, «Хорасан» джихадтық тобының мүшесі, француз Давид Дауд Дрюжон әуеден жасалған атыс кезінде өлді.

Айта өтейік, АҚШ-тың пилотсыз басқарылатын ұшақтары Сирияның солтүстік-батысында, террористер мен исламшыл радикалдар топтарын бірнеше рет әуеден атқылады. Француз азаматының сондай шабуыл кезінде көзі жойылған. Белгілі болғандай, Дрюжон бомба жасаумен айналысқан.

Ал, Le Parisien басылымының хабарлауынша, ол 14 жасында ислам дінін қабылдаған. Мысырда білім алып, кейін Ауғанстан мен Пәкістанға аттанған. Дәл осы кездері Қазақстан мен Ауғанстанда жасалған террактілерге қатысса керек. Ол Халифат сарбаздары экстремистік тобының Қазақстандағы әрекеттерін жүргізуге атсалысқан деген ақпарат бар. Еліміздің қауіпсіздік қызмет органдары бұл ақпаратты растаған көрінеді.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА