$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Қазақстан халқының басым бөлігі Президент Жолдауын қолдады

AstanaTV
14.11.2014ж. 20:00
1034
Қазақстан халқының басым бөлігі Президент Жолдауын қолдады

Қазақстандықтардың 96,3 пайызы Елбасы Жолдауынан кейін баспанаға қолжетімділік артады деп сенеді. «Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан кейін Еуразиялық интеграция институтының халық арасында телефон арқылы жүргізген жедел сауалнама нәтижесі осындай», - деп хабарлайды ҚАЗАҚПАРАТ. 

Сауалнама қазақстандықтардың жаңа экономикалық бағдарламадан не күтетіндігін көрсетті. Нәтижесі келесідей. 

«Қазақстандықтар «Нұрлы жол» жаңа экономикалық бағдарламасынан қандай нәтиже күтеді?»  

Халықтың 96,3 пайызы баспана қолжетімділігі арта түсетіндігіне сенсе, 95,4 пайызы жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі оң шешімін табады деген үмітте. Бұдан бөлек, респонденттердің 85,6 пайызы республикада жаңа жолдар салынып, ескі жолдар жөнделетіндігіне сенімді. Ал мектеп, балабақша жетіспеушілігі реттеледі деген қазақстандықтардың саны 83,4 пайызға жетіп отыр.

Айта кетейік, сауалнамаға еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларынан 812 адам қатысқан.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА