$485.11 €523.82 ₽5.02
×

АҚШ пилотсыз ұшағы 2011-2012 жылдары Қазақстанда теракт ұйымдастыруға қатысы бар күдіктіні өлтірді

AstanaTV
10.11.2014ж. 20:00
1604
АҚШ пилотсыз ұшағы 2011-2012 жылдары Қазақстанда теракт ұйымдастыруға қатысы бар күдіктіні өлтірді

2011-2012 жылдары Қазақстанда бірнеше терактіні ұйымдастыруға ықпалдасқан  террорист өлтірілді. Ол Сирия аумағында америкалық пилотсыз ұшақтың әуеден бомбалауы кезінде залалсыздандырылған. Бұл жайында француздық «Le Nouvel Observateur» газеті «France-Presse» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мақалада жазылғандай, «Хорасан» джихадтық тобының мүшесі Давид Дауд Дрюжон француз азаматы болып шықты. Тағы бір француздық басылым Дрюжон кәсіби бомба жасаумен айналысқанын жазады. Ол 14 жасында ислам дінін қабылдаған.  Мысырда білім алып, кейін Ауғанстан мен Пәкістанға аттанды. 2011-2012 жылдары Қазақстандағы  бірнеше  терактіні мойнына алған «Халифат сарбаздары» ұйымына көмек көрсеткен. CNN хабарлауынша, кезінде Давид Дрюжонды Қазақстанның қауіпсіздік қызметкерлері де тұтқындапты.

«CNN-нің болжауынша, француздар Давид Дауд Дрюжонның «Халифат сарбаздары» ұйымына ықпалдасқанын  Қазақстанда қолға түскен содырлардың бірінен естіп-білген. Ол тергеу кезінде Дрюжон жайында  бар ақпаратты жайып салған көрінеді. Бұл ақпаратты Қазақстанның қауіпсіздік қызметі де растап отыр» . 


Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА