Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Атырауда тұрғындар сапасыз жүргізілген жаңғырту жұмыстары үшін ақы төлемеуге бекініп отыр

AstanaTV
11.11.2014ж. 10:00
1074
Атырауда тұрғындар сапасыз жүргізілген жаңғырту жұмыстары үшін ақы төлемеуге бекініп отыр

Атырауда қайта жөндеу жұмыстары жаңбырлы күзге созылып, көп қабатты үйдің тұрғындарын әбден әбігерге салды. Мердігер компания қарашаның онына дейін жұмысты аяқтауға уәде беріп, қаладағы Абай Құнанбаев көшесіндегі №19 үй тұрғындарымен 35 млн теңгеге келісім-шарт жасаған. Алайда шатыр жабылмай, бесінші қабаттағы пәтерлер суға кетті. Тұрғындар сапасыз жүргізілген жаңғырту жұмыстары үшін ақы төлемеуге бекініп отыр.

Венера Қожантаева:

Ремонт жасадық жақында 80 мың ақшаға. Міне, қара, тоққа дейін кеткен су, сарғайып. Менің екі үйім де осылай боп тұр. 100 квартираның 5 қабаттағыларының бәрі осындай, міне. Қаншама залал мынаның бәрі.

Кенжеқыз  Шаеденова:

Щитті істейді, ол щиттің айналасы ырың-жырың, майланған жоқ. Терезе анау - біреуінде бар, біреуінде жоқ, салған терезелері қисық, стандартпен салмаған. Ырың-жырың болып тұр. Домофон жасады. Ол да бір үйде бар, бір үйде жоқ, келген кісі астын соғады, үстін соғады, тыным бермейді, ол солай қалды.

Тұрғындар жөндеуге тамыз айында кіріскен компанияның жұмыс жасау әдісіне таңданып отыр. Алдымен сылақ жұмыстарын жүргізіп, сосын электр желісін тартуға кіріскен. Нәтижесінде, сылақ жасалған жердің өзіне қайта жөндеу жүргізілген. Электр желілер ашық-шашық күйде. Терезелер де солай. Үйдің шатыры әлі жабылмапты. Маңайдан жұмыс жасап жүрген құрылысшылар да байқалмайды. Олар жалақы уақытылы төленбеген соң, жан-жаққа тарап кеткен. Мердігер тиісті қаражатты құрылыс бригадасына әлі толық аудармаған екен. Ал жергілікті билік, жөндеу жұмыстары қарашаның аяғына дейін аяқталады деп, алаңсыз отыр.

Ардақ Сағынова, құрылыс бригадасының жетекшісі:

Этап-этаппен жұмыс жүрген жоқ. Бірінші электричество жүру керек еді. Бірінші сырлау жүрді. 4 млн 300 теңгеге келістім, келісіммен осы үймен, бірақ 990 мың ақша алдым. 18 адаммен жасадық. Бөліңіз, тіпті несиеме, тамағына жетпейді. Біз осы жерден ақша ала алмай жүрміз.

Нұрлан Ерғалиев, Атырау қалалық тұрғын үй инспекциясының басшысы:

Қазіргі уақытта жасап жатырған мердігер мекеме жұмысын жалғастырып жатыр. Жұмыс кестесіменен толық орындалып жатыр кесте бойынша жұмыстары. Себебі, күрделі жөндеу жұмыстары келісім-шартқа байланысты бас мердігермен 3 айға жасалған. Осы қараша айының соңына дейін мерзімі бар мердігер мекеменің.  Пәтерлердің ішіне су кеткен пәтерлерді мердігер мекеменің есебінен қайта жөндеу жұмыстары жүргізіп берілетін болады.

Базаркүл ІЗІМОВА