$524.24 €612.94 ₽6.68
×

Алматыда полицейлер күдікті пакетті метроға қалдырып кеткен бір топ жас жігітті құрықтады

AstanaTV
12.11.2014ж. 13:00
1432
Алматыда полицейлер күдікті пакетті метроға қалдырып кеткен бір топ жас жігітті құрықтады

Алматыда полицейлер «Бомба» деген жазуы бар пакетті метроға қалдырып кеткен бір топ жас жігітті құрықтады. Бүгінде төртеуінің аты-жөні анықталды. Оның үшеуі 15-18 жас аралығындағы кәмелеттік жасқа толмаған жеткіншектер. Ұсталғандар осы оқиғаға қатысы барын бірден мойындаған. Оқыс жағдайға байланысты бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғалды.

Еске салайық, 9 қарашада полицейлердің жоспарлы тексеруі кезінде Метродағы «Алатау» бекетінде «Бомба» деген жазуы бар полиэтелен пакетке оралған қорап табылған. Оқиға орнына жеткен саперлар жарылғыш заттың жоқ екеніне көз жеткізді. Бейнебақылау камералары арқылы пакетті бір топ жасөспірімнің қалдырып кеткені анықталды.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА