$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Британдық The Banker журналының бас редакторы Қазақстанды «БРИК» мемлекеттері клубына қабылдауды ұсынды

AstanaTV
14.11.2014ж. 10:00
1163
Британдық The Banker журналының бас редакторы Қазақстанды «БРИК» мемлекеттері клубына қабылдауды ұсынды

Британдық The Banker журналының редакторы Брайн Кэплен Қазақстанды БРИК елдері қатарына қосуды ұсынды. Өйткені, ел экономикасы қазір Индия, Ресей, Қытай мен тығыз байланыста, - дейді.

Мәскеу мен Бейжің - Қазақстанның ең ірі сауда серіктестері. Экспорттың 30 пайызы, импорттың 50 пайызы осы елдерге тиесілі. Оған қоса Қытай Қазақстан үшін ең ірі инвестиция көзі болып отыр. Кэплен, Қазақстан БРИК елдерімен байланысын нығайта түссе, Астананың өзіне қиынға соғуы мүмкін, дейді. Өйткені клуб мүшелерінің жағдайы мәз емес. Қытай экономикасының қарқыны баяу, Ресей санкцияның астында. Мұнай бағасының құлдырауы теріскейдегі көршімізге ғана емес, Қазақстанға да соққы болғалы тұр дегенді айтады.

Мөлдір ДҮЙСЕКИНА