$485.11 €523.82 ₽5.02
×

АҚШ пен Қытай қарулы күштері арасындағы келеңсіздіктердің алдын алу мақсатында келісімге келді

AstanaTV
12.11.2014ж. 13:00
1382
АҚШ пен Қытай қарулы күштері арасындағы келеңсіздіктердің алдын алу мақсатында келісімге келді

АҚШ президенті Барак Обама мен Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин екі ел қарулы күштері арасындағы түсініспеушіліктің алдын алу мақсатында екі келісім жасасты. Бұл туралы The Wall Street Journal жазды.

Құжаттар бүгін жарияланады деп күтілуде. Келісім екі елдің өзара әскери жаттығу шаралары жайында хабар етулерін қарастырады. Сондай-ақ, құжат қарулы күштердің әуе мен теңізде қақтығысып қалған жағдайдағы іс-әрекетін реттейтін ережелер жиынтығынан тұрады. 10 қарашада Барак Обама Бейжіңде өткен Азия-Тынық мұхит экономикалық одағының саммитінде АҚШ пен Қытай арасында ақпараттық технологиялар саласындағы тауарларға тариф жойылады деп мәлімдеген. Сарапшылар келісімді 1 триллион долларға бағалады.

Келіссөздер барысында Си Цзиньпин АҚШ-пен мемлекетаралық қызметтесудің маңыздылығын «Тоған бір тамшы судан басталады» деп бағалады. Ал, оған Америка басшысы «Егер АҚШ пен Қытай нәтижелі жұмыс жасай алса, күллі әлем жемісін көреді», деп жауап қатты.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ