$485.11 €523.82 ₽5.02
×

«Нұрлы жол» бағдарламасы тек дағдарыстан шығуды ғана қамтымайды

AstanaTV
12.11.2014ж. 20:00
944
«Нұрлы жол» бағдарламасы тек дағдарыстан шығуды ғана қамтымайды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа жолдаған «Нұрлы жол» бағдарламасы тек дағдарыстан шығуды ғана қамтымайды. Жаңа экономикалық саясат 2050 стратегиясына сәйкес ел өмірінің тұтастай жаңғыруына жол ашады.

«Әсіресе, инфрақұрылымды дамыту мен көлік тасымалы саласындағы ауқымды жоспарларды айрықша атап өткен жөн. Осы жобалар аясында мыңдаған отандасымыз екі қолға бір күрек тауып, отбасын асырайды. Ең басты байлығы адам болып табылатын бүгінгі қазақ қоғамында мұның маңызы зор», - дейді Жолдауға пікір білдірген азаматтар.

Икрам Адырбеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Осы бір дағдарыс кезеңінде мемлекеттің мүмкіндіктері инфрақұрылымды дамытуға, көлік өндіріс саласын дамытуға бағытталды. Осылар жұмыссыздықты жоюға әсер етеді. Бұл тек дағдарыстан шығу емес, экономиканы 2050 стратегиясына сәйкес  дамыту жоспары.

Әбілғазы Құсайынов, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы:

Қарым-қатынасқа жақсы, жүк тасылады. Экономиканы көтереді. Жол бойында қаншама жұмыс орны болады. Қарапайым адамға не керек. Жалақы керек, жұмыс орны керек. Сондықтан айтылып жатқан нәрселер - өте үлкен жақсылық.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА