$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Инвестиция және даму министрі транспорт саласындағы жобалар туралы баяндады

AstanaTV
12.11.2014ж. 20:00
1129
Инвестиция және даму министрі транспорт саласындағы жобалар туралы баяндады

2020 жылға дейін инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы Президент Жолдауынан кейін жандана түспек. Бұл туралы Инвестиция және даму министрі Әсет Исекешов мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа міндеттер жүктелген бағдарлама елімізде көлік-логистикалық жүйенің дамуына серпін береді. Бұл өз кезегінде инвестиция тартып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына жол ашпақ. Сондай-ақ жүк тасымалы еселеп артады.

Әсет Исекешев, ҚР Инвестиция және даму министрі:

Бағдарлама іске асса, 30 мың шақырым көлік жолы, 5000 шақырым темір жол жөнделеді. 2020 жылы жүк тасымалы екі есеге артады деген үміт бар. Мемлекет басшысының кешегі Жолдауынан кейін біз бұл бағдарламаны тез іске асыруымыз керек. Болашақта көлік логистикасы Қазақстан үшін экономиканың негізгі секторына айналады және бизнес пен индустрияландыруға, өңірлерді дамытуға серпін береді деп сенеміз.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ