$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Көлік инфрақұрылымын дамытуға Ақтөбе облысында биыл 16 миллиард теңге жұмсалды

AstanaTV
12.11.2014ж. 20:00
3024
Көлік инфрақұрылымын дамытуға Ақтөбе облысында биыл 16 миллиард теңге жұмсалды

Көлік инфрақұрылымын дамытуға Ақтөбе облысында биыл 16 миллиард теңге жұмсалды. Орал-Ақтөбе-Шымкент тас жолының 33 шақырымына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Құрылысы жүріп жатқан рельс зауытына жол өткелі салынды. Келер жылға да жоспар ауқымды. Оның үстіне Мемлекет басшысы «Нұрлы жол» жолдауында көлік - логистикалық инфрақұрылымды дамытуды негізгі міндеттер қатарында жатады.

Президент «жол құрылысы арқылы екі жүз мың адам жұмыспен қамтылады» деді.  Осылайша макроаймақтарды өзара жалғап, оларды елдің жүрегі Астанаға біріктіретін инфрақұрылымдық желі пайда болады. Жүз миллиард теңгеден астам  қаржы көлік дәлізін дамытуға жұмсалады. Бұл орайда Ақтөбе облысында жол төсеу мен жөндеу жұмыстары бойынша 24 жоба дайындалған. Ең ірісі - құны 4 миллиард теңге тұратын Оңтүстік айналма жолы.  Құрылыс жұмыстары келесі жылы басталып, 2017 жылы пайдалануға берілмек.

Есбол Базарғалиев, Ақтөбе облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы:

Ақтөбе қаласының Оңтүстік айналма жолы жобасын жүзеге асыру басталды.  Бұл жоба республикалық маңызы бар екі жолды, яғни Самара-Шымкент және Ақтөбе-Атырау жолдарын жалғайды. Шаһарды қалалық көліктерден азайтып, айналып өтуге мүмкіндік береді. Экологиялық маңызы да зор.

Базаркүл ІЗІМОВА