Грузия
үшін Қазақстан - дос
әрі өте жақын мемлекет. Бұлай деп, елімізге тұңғыш рет келген Грузия
премьер-министрі Ираклий Гарибашвили Президент
Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуде мәлімдеді. «Ақордада өткен кездесуде екі ел арасындағы сауда-экономика, инвестиция және энергетика
салаларындағы ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен келешегі талқыланды», - деп
Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы елдер
арасындағы қарым-қатынас өзара тиімді, дәстүрлі серіктестік негізінде дамып
келе жатқанын айтты. «Қазақстан
Грузиямен әрдайым жақсы қатынаста. Біздің екіжақты байланыстарымыз тәуелсіздік
жылдары қарқынды дамыды. Біз Грузиямен ынтымақтастықты барлық бағытта -
саясатта да, экономикада да - бұдан әрі
нығайта беруге дайынбыз», - деп атап өтті Нұрсұлтан
Назарбаев.
Грузия премьер-министрі
Қазақстанға екі елдің өзара ықпалдастығын арттыру және кеңейту үшін келгенін
айтты. «Бұл менің Сіздің елге премьер-министр ретінде келген алғашқы ресми
сапарым. Қазақстанға,
оның халқына біздің елде әрдайым айрықша ілтипатпен қарайды. Мен экономикалық,
саяси және сауда қарым-қатынастарымыз алдағы уақытта да тереңдей береді деп
үміттенемін»,
- деді Гарибашвили.
Жұрағат
БАМАН