$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Мемлекетіміздің тұрақтылығының негізгі діңгегі - толеранттылық пен ауызбіршілік

AstanaTV
12.11.2014ж. 20:00
1949
Мемлекетіміздің тұрақтылығының негізгі діңгегі - толеранттылық пен ауызбіршілік

Мемлекетіміздің тұрақтылығының негізгі діңгегі - толеранттылық пен ауызбіршілік. Бұл құндылықтар ел ішіндегі бірлікті нығайтып қана қоймай, көршілес елдермен де толыққанды, жемісті қарым-қатынас қалауға мүмкіншілік тудырады. «Астана» телеранасына берген сұхбатында еліміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов осындай ұстанымымен бөлісті.

Оның айтуынша, Қазақстанның сыртқы саясатының басты бағыттарының бірі - Орталық Азия елдерімен өзара ықпалдастықты орнату. Еске салайық, күн бұрын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа Жолдауында толеранттық тақырыбына аса зор назар аударған-ды.

Ерлан Ыдырысов, ҚР Сыртқы істер министрі:

2020 жылға дейінгі жаңартылып бейімделген тұжырымдамамызда Орталық Азия елдерімен ықпалдастықты, қарым-қатынасты дамыту ісі сыртқы саясатымыздың басты бағдары болып белгіленген. Көршілес елдер болғандықтан, тағдырлас болып келеміз. Өзара қарым-қатынас өте маңызды. Орталық Азия елдеріне қатысты біздің мемлекетіміздің саясаты ашық әрі айқын. Біз шын көңілмен тұрақты өркендеуді қалаймыз. Қазақтың көшпенді мәдениеті толеранттық негізде қалыптасқан. Сондықтан әр елмен, әрдайым толерантты болып, өзара тиімді байланысты қалыптастыру жолында алға жылжып келеміз.

Жұрағат БАМАН