$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Тараз жұрты Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алды

AstanaTV
13.11.2014ж. 10:00
1935
Тараз жұрты Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алды

«Ер есімі - ел есінде». Дәл осындай ұранмен Тараз жұрты Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алды. Жамбылдықтар батырдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

Осыдан 3 жыл бұрын 12 қарашада Таразда терракт болып, қанды қол қарақшы қолынан жеті бірдей азамат ажал құшқан еді. Жарылғыш затты беліне байлаған жанкештіні өзінің бауырына басып, опат болған батырдың ерлігін еске алуға әріптестері мен көзін көрген үзеңгілестері жиылды. Олар полиция қызметкерінің құрметіне қойылған есткеркішке тағзым етіп, қарақшы қолынан қаза болған орынға да барып, рухына бас иді.

Ғазиз Байтасов - полиция капитаны болып, ішкі істер саласында ілкімді қызмет етті. Қарашадағы қарулы қақтығыста жанкештімен бірге жарылып кеткен батыр бейнесі - халық жадында қала бермек.

Гүлжамал Тәжиева, Ғ.Байтасовтың жары:

Үш жылдан асса да, отбасымызға қиын. Ол ешқашанда ұмытылмайды. Өйткені, Ғазиз ұлдарының сүйікті әкесі еді. Айта кететін жайт, Ғазиз халықтың ұлы болғандықтан, жыл сайын осындай іс-шаралар өткізіледі. Халық ұмытпайды, құрмет көрсетуде. Соның өзі бізге қолдау көрсетеді.

Данияр ӘЛІМҚҰЛ