$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Астана әкімінің қатысуымен өткен жиында Елбасының биылғы Жолдауы талқыланды

AstanaTV
13.11.2014ж. 13:00
1123
Астана әкімінің қатысуымен өткен жиында Елбасының биылғы Жолдауы талқыланды

«Нұрлы жол» - болашаққа бастайтын маңызды құжат. Әрі қазіргі уақыт талабына жауап беретін аса қажетті бағдарлама. Мемлекет басшысының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауын талқылауға арналған жиында Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков осылай деп атап өтті.

Әділбек Жақсыбеков, Астана қаласының әкімі:

Қысқы уақытта табысты жұмыстар атқару қажет. Жолдауда мемлекетімізді, экономикамызды дамытудың барлық бағыттары, даму жолдары көрсетілген. Сондықтан, бар күш-жігерімізді аянбай жұмыс жасауымыз қажет. Бұл - біздің ортақ парызымыз, басты мақсатымыз.

Шаһар басшысы «ел экономикасын өркендету, дамыған мемлекеттердің қатарынан лайықты орын алу үшін Жолдауда қамтылған тапсырмаларды орындаудың маңызына тоқталды. Сондықтан, кешенді жоспарлар құрылып, іс-шаралар дайындалуы керек. Аз ғана уақыт ішінде сан салалы шаруаларды тиімді атқару кезек күттірмейді.

Әділбек Жақсыбеков «Ақылды қала» жобасын жүзеге асырудың басты назарда болатынын жеткізді. Елбасы Жолдауында атап көрсетілгендей, EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізу қарсаңында Астана қаласының көлік инфрақұрылымын дамыту маңызды міндет. Бұл елорда әуежайында жаңа терминал құрылысы мен ұшып-қону жолағын жаңғыртуға да қатысты. Индустриалды инфрақұрылымды дамыту жобасы шағын орта бизнесті дамытуға, қосымша инвестициялар тартуға, жұмыс орындарын құруға ықпал етпек. Елордалық бизнес өкілдері де Жолдауды дәл уақытында қабылданған маңызды құжат деп атады.

Мейірбек Мәжитов, Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры:

«Нұрлы жол» Жолдауының дәл қазір жария етілуі еліміздің әлемнің экономикасы мен геосаясатының кері ықпалдарының алдын алуға бағытталған президентіміздің саяси болжағыштығын көрсетеді.

Базаркүл ОТЫНШИЕВА




Алдыңғы жаңалық