$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Азат Перуашев: Мемлекет басшысының «Нұрлы жол» Жолдауы экономикамызды сын-қатерлерден сақтайды

AstanaTV
13.11.2014ж. 20:00
891
Азат Перуашев: Мемлекет басшысының «Нұрлы жол» Жолдауы экономикамызды сын-қатерлерден сақтайды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алға қойған тапсырмаларын ойдағыдай жүзеге асыратын болсақ, теңге құнсыздануы қайталанбайды. Осындай ойымен бүгін Парламент Мәжiлiсiнiң депутаты, «Ақ жол» фракциясының жетекшiсi Азат Перуашев бөлісті. «Мемлекет басшысының «Нұрлы жол» атты халыққа Жолдауы экономикамызды сын-қатерлерден барынша сақтайды», - дейді Парламент өкілі.

Сондай-ақ, «Ақ жол» партиясының жетекшісі девальвация ықтималдығы туралы сұраққа да жауып берді. Ол қаржы саласын басқарып отырған кейбір лауазымды тұлғалардың сөзіне сенімсіздікпен қарайтынын жасырмады. Мәселе девальвацияға қатысты болғандықтан, Азат Перуашев Ұлттық банк төрағасын меңзегені анық.

Азат Перуашев, ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты, «Ақ жол» партиясының жетекшiсi:

Кейбір азаматтарымызға сену қиын. Ол алдымен девальвация болмайды деп жарияласа, ал келесі күні немесе 2-3 күннен кейін өзі басқарып отырған мекеме оның сөзін жоққа шығаратын болса, әрине, сену қиын. Елбасымыздың «Нұрлы жол» бағдарламасын жариялауы бекер емес. Егер біз осы Жолдауды іске асырсақ, яғни Жолдауда көрсетілген қаржыны экономикамызға құйып, ұсата білсек, әрине, теңгенің деңгейі әрі қарай төмендемейтін шығар.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА