$485.11 €523.82 ₽5.02
×

«Халықтық IPO-дың» екінші кезеңі басталған бір апта аралығында 582 млн теңгенің акциясына өтінім түскен

AstanaTV
13.11.2014ж. 20:00
1426
«Халықтық IPO-дың» екінші кезеңі басталған бір апта аралығында 582 млн теңгенің акциясына өтінім түскен

«Халықтық IPO-дың» екінші кезеңі басталған бір апта аралығында құны 582 млн теңге тұратын 1 млн 151 мың акцияны сатып алуға өтінім түскен. «Сұраныс бар, яғни халықтың сенімі артқан», - деді IPO науқанының барысына арналған баспасөз мәслихатында «Самұрық-Қазына» қоры басқарма төрағасының кеңесшісі, бас директордың орынбасары Ерқанат Әбени.

Бір адамға өткен жылғыдай құнды қағаздарға 7 млн теңге шамасында қаржы құюға рұқсат. Азаматқа сатылатын акциялар құны да шектеулі - 14 мыңның төңірегінде болады. Дегенмен желтоқсанның ортасынан бастап, акцияларды екінші нарықта саудалауға рұқсат беріледі. Ал ол жерде құнды қағаздарды қолдан сатып алушылардың айы оңынан туады.

Ерқанат Әбени, «Самұрық-Қазына» қоры басқарма төрағасының кеңесшісі, бас директордың орынбасары:

1156 өтінім келіп түсті. Жалпы соммасы 581 млн 424 мың 175 теңге. «Кегоктың» бір акциясының құны 505 тг. Барлық «Қазпочтаға» келген адамдар көбісі 7 млн дейін сатып алады, 14 мың акцияны.

Ақпараттық танытым шараларының басы-қасында жүргендер қоғамның қаржылық сауаты тереңдей түсті деген пікірде. Бүгінде еліміздің 25 қаласында 30 мыңға жуық адам «Халықтық IPO» бойынша сауат ашқан.

Мұхит Сейдахметов, «Асыл инвест» АҚ сату департаментінің директоры:

Сұраныс болады. Өйткені Қазақстанның қор биржасында қаржылық құралдардың жетіспеушілігі байқалады. Сондықтан халық, инвесторлар кез келген құнды қағаздарды қуанышпен қабыл алады. Құнды қағаздар өте тиімді болады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ