$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Қазақстандықтардың 96,3 пайызы Елбасы Жолдауынан кейін тұрғын үйге қолжетімділік артатындығына сенімді

AstanaTV
14.11.2014ж. 10:00
1273
Қазақстандықтардың 96,3 пайызы Елбасы Жолдауынан кейін тұрғын үйге қолжетімділік артатындығына сенімді

Қазақстандықтардың 96,3 пайызы Елбасы Жолдауынан кейін баспана қолжетімділігі артатындығына сенімді. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауынан кейін Еуразиялық интеграция институтының халық арасында телефон арқылы жүргізген жедел сауалнаманың нәтижесі осындай, деп хабарлайды «Қазақпарат».

«Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясатында бекітілген шараларды жүзеге асырудан қазақстандықтардың не күтетіндігін білген институттың ақпаратына қарағанда, халықтың басым бөлігі, нақтырақ айтсақ, сауалнамаға қатысушылардың 96,3 пайызы баспана қолжетімділігі арта түсетіндігіне сенім білдірген.

Сондай-ақ, 95,4 пайыз адам Жолдаудан кейін жұмысқа орналасу мәселелері шешіліп, жаңа жұмыс орындары көбейетіндігін айтқан. Бұдан бөлек, респонденттердің 85,6 пайызы республикада жаңа жолдар салынып, ескі жолдар жөнделетіндігіне сенімді. Ал мектеп, балабақша жетіспеу проблемалары шешілетіндігіне үміт артатындардың қатары 83,4 пайызға жетіп отыр.

Айта кетейік, сауалнамаға еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларынан 812 адам қатысқан.