$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Алматыда магнитудасы 3-4 баллдық жер сілкінісі болды

AstanaTV
14.11.2014ж. 13:00
1325
Алматыда магнитудасы 3-4 баллдық жер сілкінісі болды

Бүгін Алматыда таңғы 7 жарым шамасында 3-4 баллдық жер сілкінісі сезілді. Сейсмологтардың дерегінше, зілзала кіндігі Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 130 шақырым жерде орналасқан. Нақтырақ айтсақ, Қырғызстан аумағындағы Ыстық көлдің шығысына қарай болған. Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті шұғыл штаб құрып, залалдың бар-жоғын анықтау үшін қала аумағында мониторинг жүргізуге кіріскен. Аса қауіпті аумақтарды қаланың қауіпсіздігін қамтамсыз ететін құзырлы органдар қатаң бақылауға алыпты. Төтенше жағдайлар департаменті Алматы қаласы және қала аумағының тұрғындарынан жер сілкінісінің салдарынан қандай да бір келген залал туралы шағым түспегенін айтады.

Гүлшат Дәуренбекова, Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметінің басшысы:

Біздің қызметпен бірден қауіпті заттар орналасқан мекемелер бақылауға алынды. Барып тексеру жүргізілуде. Әкімдіктің келіп түскен хабарына сәйкес адамдардан ешқандай шағым келіп түспеген. Дегенмен, мониторингты жалғастырамыз.

Мамандардың мәліметінше, Қырғызстандағы зілзала кіндігінде сілкініс күші Рихтер шкаласы бойынша 5-6 алты баллға жеткен. Қазақстандық сейсмологтардың болжамынша, таңертеңгі жер дүмпуінен кейін афтершоктар қайталануы мүмкін. Алайда, халықтың үрейленуіне еш негіз жоқ, дейді сейсмология институтының директоры.

Таңатқан Абақанов, ҚР Білім және ғылым министірлігі Сейсмология институтының директоры:

Жалпы, Қырғызстандағы жер дүмпуінен артынан тағыда шоковый дейді, толқулар қайталанады. Бірақ, оның Қырғызстан халқы үшін, Қазақстан халқы үшін ешқандай қаупі жоқ екенін айта кету керек.

Берік ХАСЕНОВ