$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Риддердегі тау-кен өндіру комбинатының жоғалған қызметкерлерін іздеу шаралары жалғасуда

AstanaTV
14.11.2014ж. 13:00
1261
Риддердегі тау-кен өндіру комбинатының жоғалған қызметкерлерін іздеу шаралары жалғасуда

Риддердегі «Қазцинк» компаниясының жоғалған менеджерлерін іздестіру жұмыстары жалғасуда. Қызметкерлер өткен аптада Курчумск ауданына балық аулауға шығып, қайтып оралмаған.

Іздестіру жұмыстарына құтқарушылар мен қатар суда құтқару қызметінің мамандары, әскери және мобильдік жасақтар да кіріскен. Барлау аумағы 70 шақырымға кеңейді. Сергей Рогозин мен Юрий Ситников жоғалған аймақты құтқарушылар тікұшақпен шолып шыққан. Алайда екі сағаттық шолу еш нәтиже бермеген. Қазіргі таңда Ертістің сағасы арнайы техникамен тексерілуде. Із-түзсіз жоғалғандарды іздестіруге қылмыстық іздестіру қызметкерлері де кірісті.

Асқар Можанов, ШҚО жасақ дайындау басқармасының бастығы:

Ауа райының қолайсыздығы тікұшақты әуеге көтеруге үш күн бойы кедергі болды. Ертерек кіріссек, нәтиже болушы еді. Іздестіру жұмысына құтқарушылар, суда құтқару қызметінің мамандары, әскери және мобильдік жасақтардың 100-ге жуық адамы жұмылдырылған. Қамыстың арасынан да іздеп жатырмыз.

Жұрағат БАМАН