$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Ресей сарапшылары Елбасы Жолдауының экономикалық тұрақтылықты сақтаудағы маңыздылығын айтуда

AstanaTV
14.11.2014ж. 13:00
1082
Ресей сарапшылары Елбасы Жолдауының экономикалық тұрақтылықты сақтаудағы маңыздылығын айтуда

Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауы - ауқымды, амбициялық бағдарлама. Бұл ресейлік «Коммерсантъ» басылымына сұхбат берген бірқатар сарапшылардың ойы.

Мәселен, Мәскеу мемлекеттік университетіндегі ақпараттық-сараптама орталығы директорының орынбасары Юлия Якушева, «Инвестиция көлемінің ауқымына қарамастан, Қазақстан үкіметі тәуекелге бас тігіп отырған жоқ», деген пікірде. Сарапшы басылымға берген түсініктемесінде Қазақстан Президентінің Жолдауын мұқият зерделеп шыққанын аңғартты. Ел бюджеті жыл сайын 3 млрд доллармен толығатыны, қаражат ұлттық қордан бөлінетіні жайында хабардар.

«Қайткенмен де, бұл ақша «қиын күндер» үшін сақталған резерв», - дейді. Және бұл сома экономикадағы жыртықты жамау үшін емес, экономикалық стагнация қаупі бар кезде оны жандандыруға бағытталып отыр, - дейді Юлия Якушева.

Айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынған бұл бағдарламасы ел экономикасына төнген қауіптердің «алдын орау» шаралары іспеттес. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының ұстазы Андрей Сушенцов та, «Қазақстан экономикасы қиындық көріп жатқан жоқ. Жаңа бағдарлама елді қаржылық тұрақсыздықтан сақтандырады», - дейді. «Коммерсант»-қа берген түсініктемесінде ол бұл бағдарламаны «ұлттық инфрақұрылымды жетілдіруге бағытталған амбициялық бағдарлама» деп атады. «Оның жемісін Қазақстан ғана емес, Ресеймен шекаралас территория тұрғындары да көреді. Тығыз трансшекаралық қарым-қатынастағы Ресей де шарапатын көреді», дейді сарапшы. Мақала Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстандағы жобалар үшін Дүниежүзілік банк, Еуропалық, Азиялық және Ислам даму банктерімен 9 миллиард доллар көлемінде мәміле жасасқанымен аяқталады.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА