$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Қарағандыда тұрғындарға медициналық кеңес беретін желі іске қосылды

AstanaTV
17.11.2014ж. 13:00
1486
Қарағандыда тұрғындарға медициналық кеңес беретін желі іске қосылды

Қарағандыда бірегей медициналық саll-орталық ашылды. Тұрғындар денсаулық сақтау мәселесіне байланысты сұрақтарын енді үйден шықпай-ақ, мамандарға тікелей телефон шалып, қоя алады. Арнайы медициналық білімдері бар алты оператор кез-келген сұраққа жауап бере алады. Өйткені орталықтың жұмысы бұрынғы «қауырт  желіден» өзгеше.

Мамандар қолдарына қалам алып, сұрақтарды қағазға тізіп жатпайды. Телефон арқылы жүріп жатқан диалогтың тікелей аудиокөшірмесі жасалады. Оператор болса, тұрғындар сұраған ақпаратты дереу компьютерден қарап, айтып береді. Тіпті қажет болса, қоңырау шалушыны дереу дәрігермен қосуға да мүмкіндік бар. Мақсат - халықтың денсаулығын жақсартып, науқасқа дөрекі сөйлеп, немқұрайлы қарайтын ақ халаттыларды анықтау.

Операторлардың айтуынша, тұрғындар медициналық сауаттылығы төмен болғандықтан, негізсіз кезек күту, тегін дәрі ала алмау, тиісті маманға қарала алмау секілді түйткілдерге жиі тап болады екен. Саll-орталық күніне жүздеген адамдардың, әсіресе, егде жастағы қариялардың дер кезінде медициналық көмек алуына септеседі.

Мадина Асқарова, Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы call-орталығының операторы:

Күніне 10-16 звонок болады.Бір линияға 2-3 адамнан түсуі мүмкін. Көбінесе дәрігерлік мәселелер, қабылдауға кіре алмау, дәріні уақытында ала алмау секілді.

Айжан ҚУАШ