$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Инфрақұрылымды дамыту ісі жаңа кадрлар даярлауды қажет етеді

AstanaTV
17.11.2014ж. 20:00
1153
Инфрақұрылымды дамыту ісі жаңа кадрлар даярлауды қажет етеді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауына сай, инфрақұрылымды дамыту ісі жаңа кадрлар даярлауды қажет етеді. Бүгін Елордада өткен баспасөз мәслихатында техникалық жоғарғы оқу орындарының өкілдері осындай пікір білдірді.

Президенттің «Нұрлы жол» атты бағдарламасы жаңа экономикалық бағыт-бағдар беріп, оны жүзеге асыратын жаңа мамандық иелерін тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Бүгінде ғылым мен экономиканы ұштастырудың маңызы зор. Осы саланы зерттеп-зерделеуге мүмкіндік беретін ең үздік 10 жоғарғы оқу орны айқындалды. Олардың материалдық-техникалық базасын нығайту үшін қосымша қаражат та қарастырылған. 

Алексей Цеховой, Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті «Жобалауды басқару» Халықаралық орталығының директоры:

Қуанышымды жасыра алмай отырмын. Өйткені жоғарғы оқу орындарына тиісті ресурс бөлінеді деп тура айтылды. Бұл қаражат бізге ауадай қажет. Неге десеңіз, біздер үлкен жобаларды басқара алатын кадрларды даярлап жатырмыз.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА