$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Парламент Мәжілісінде моноқалалардың тағдыры талқыланды

AstanaTV
17.11.2014ж. 20:00
1828
Парламент Мәжілісінде моноқалалардың тағдыры талқыланды

Арқалық қаласының тамырына қан жүгіртіп отырған «Қазақстан алюминий» акционерлік қоғамы алдағы уақытта жұмысын тоқтатады. Өйткені жер асты қойнауындағы боксит қоры таусылуға жақын. Осыған орай қаланың толыққанды тіршілігі 8 жылдан соң қандай болатынын елестету қиын. Парламент Мәжілісінде моноқалалардың тағдырын талқылаған шенеуніктер мен депутаттар осылай деп дабыл қақты.

Альберт Рау, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі:

Айналаны толық барлап шықтық. Жалғыз жол - Есіл қаласының солтүстігіне қарай 10 шақырым аумақта 1 млрд тоннадай темір кені бар. Ол жерде қазір «Тау-кен самұрық» жұмыс істеуде. Енді сонда еңбектеніп жатқан бір жарым мың адам темір кенішіне тартылуы тиіс.

Бірнеше сағатқа созылған талқылау барысында тіршілігін тоқтатудың алдында тұрған шаһарларды құтқарып қалудың мардымды жолдары ұсынылмады. Даму құжатын талқылаған депутаттардың кейбіреуі туған ауылы тізімге енбегеніне өкпелеген сынай танытты. Жауабынан сауалы көп болған даму бағдарламасын депутаттар алдағы кезде толықтырып, Үкіметке жолдаймыз деп тарасты.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ