$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Алматы сән және дизайн колледжіндегі жарылған РГД-5 гранатасы екені белгілі болды

AstanaTV
18.11.2014ж. 10:00
1400
Алматы сән және дизайн колледжіндегі жарылған РГД-5 гранатасы екені белгілі болды

Алматы сән және дизайн колледжіндегі жарылысқа қатысты соңғы деректерден бастаймыз. Оқу орнында жарылған РГД-5 гранатасы болып шықты. Бұл туралы отандық ақпарат құралдары жазып жатыр. Адам өліміне әкеп соққан жарылғыш зат негізінен жаудың жеке құрамын жою кезінде қолданылады. Оның салмағы 310 грамм. Тротилдік қуаты 110 грамм. Жарықшақ шашырау қашықтығы - 30 метрді құрайды. Лақтырғаннан кейін жарылатын уақыт - 3-4 секунд.

Еске саламыз, кеше Алматыдағы сән және дизайн колледжінде жарылыс болып, бір студен қаза тапты. Тағы 12 адам дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер зардап шеккендердің бесеуінің жағдайы ауыр, олар жан сақтау бөліміде жатыр деп мәлімдеді. Төтенше оқиға алғашқы әскери дайындық сабағы кезінде болған еді.

Соңғы деректер бойынша, сабаққа әскери граната алып келген ұстаз уақытша ұстау абақтысына қамалды. Ол 1967 жылы туған азамат. Тергеу барысында қарудың оқу орнында қалай пайда болғаны мен кімге тиесілі екендігі тексерілмек. Кеше хабарлағанымыздай, оқиғадан кейін бірден Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов алғашқы әскери дайындық пәні бойынша барлық оқу құралын, оқ-дәріге ұқсас заттарды түгендеу мен оларға сараптама жасауды және оларды қаланың оқу орындарына беруді тоқтатуды тапсырды.

Илхам ИБРАХИМ