Тәуелсіздік мерекесін шетелде білім
алып жатқан қазақ жастары да өзгеше атап өтті. Еліміз бен алыс-жақын шет
елдерде танымал болған «Қызыл өрік» әні Еуропада шырқалды.
YouTube бейнехостингіне Венгриядағы қазақстандық студенттердің атынан салынған бейне осыған дәлел. Бейнебаянда
Будапешт тұрғындарының Ақылбек Жеменей орындайтын «Қызыл өрік» әнін шырқағаны
көрсетілген. Онда әннің Қазақстан тәуелсіздігіне арналатыны жайлы жазба
қалдырылған.
BIRLIK деп аталатын қазақ
студенттерінің қауымдастығы Тәуелсіздік мерекесімен барша қазақстандықтарды
құттықтады. Бұл бейне көрген халықтың көңілін
көтерер деген сенім білдіріпті.
Азамат АЛДОҢҒАРОВ