$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Мақсат Үсеновтің кесірінен зардап шеккен жүргізуші сот-медициналық сараптамаға жүгінді

AstanaTV
18.11.2014ж. 20:00
1093
Мақсат Үсеновтің кесірінен зардап шеккен жүргізуші сот-медициналық сараптамаға жүгінді

Мақсат Үсеновтің кесірінен зардап шеккен жүргізуші сот-медициналық сараптамаға жүгінді. Апат кезінде қарама-қарсы бағыттағы көліктің тізгінінде болған 38 жастағы әйелдің денсаулығына келген зиян деңгейі енді анықталады. «Атышулы» жүргізушінің әрекетіне сонан кейін ғана құқықтық баға берілмек. Бұл туралы  Алматы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Мақсат Үсеновтің үстінен қосымша әкімшілік немесе қылмыстық іс қозғау мәселесі де сол сараптама қорытындысына байланысты болмақ.

Айта кетейік, өткен сенбіде Мақсат Үсенов Алматыда  екінші рет жол-көлік оқиғасына себепкер болды. Ол Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 471-бабы 7-тармағы негізінде 20 күнге қамалды. Күдікті ішкі істер органы қызметкерлерінің талабына бағынбағаны және жүргізуші куәлігінсіз көлік тізгіндегені үшін айыпты деп танылған.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД баспасөз хатшысы:

RAV-4 автокөлігінің жүргізушісі алған дене жарақаттары деңгейін анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Сараптама аяқталғаннан кейін құқықтық баға беріледі, кейін іс жүргізу шешімі шығарылады. Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ