$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Мемлекет басшысы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығын қабылдады

AstanaTV
18.11.2014ж. 20:00
919
Мемлекет басшысы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығын қабылдады

«Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты бизнестің жаңа қарқынмен дамуына тың серпін береді. Ал бизнес иелерін алдағы уақытта жаңа жағдайдағы бәсекелестік күтіп тұр. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басшылығымен кездесу барысында осылай деді. Палатаның төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев пен басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов бүгінге дейін атқарылған жұмыстар жайлы баяндады. Оны тыңдаған Елбасы, өз кезегінде жаңа жылдан бастап жұмысқа кірісетін экономикалық одақ жағдайында отандық кәсіпкерлердің жұмыссыз қалмауын қадағалауды тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев,  Қазақстан Республикасының Президенті:

В этом году завершается действие моратория на проверки бизнеса. С 1 января следующего года начинает свою работу Евразийский экономический союз, следовательно, нашим бизнесменам следует готовиться к конкуренции. Широкий простор для развития бизнеса в Казахстане предоставляет Послание «Нұрлы Жол». Каждый предприниматель должен найти свою нишу, «встроиться» в рынок, а Национальной палате и государству, со своей стороны, следует создавать для этого все необходимые условия.

Абылай Мырзахметов,  ҚР ҰКП Басқарма төрағасы:

Елбасы палата басшылығына кәсіпкерлердің белсенділігін арттыру туралы бірнеше тапсырмаларды алдымызға қойды. Айта кететініміз, бүгінгі Елбасымен кездесу жақында ғана болған тарихи «Нұрлы жол» атты халыққа Жолдауынан кейін болды, сондықтан сол Жолдаудың төңірегінде де, сол жолдауды қалай орындау керек, соған кәсіпкерлердің қатысуы еліміздің әл-ауқатын арттыру, экономикалық өсім туралы да пікір алмастық.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ