$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Ғаламторда Алматы колледжіндегі жарылыстан кейінгі фотолар пайда болды

AstanaTV
19.11.2014ж. 10:00
1318
Ғаламторда Алматы колледжіндегі жарылыстан кейінгі фотолар пайда болды

Ғаламторда Алматы сән және дизайн колледжі әскери дайындық сыныбының жарылыстан кейінгі фотолары пайда болды. Міне, оқиға дәл осы кабинетте болған. Бұл кадрлардан гранатаның парталарды қиратып тастағанын көруге болады. Әйнектері талқандалып, еден қанға малынған.

Естеріңізге саламыз, 17 қараша күні таңертең мұнда алғашқы әскери дайындық сабағы кезінде граната жарылды. Төтенше оқиға салдарынан бір студент қаза тауып, тағы 12 адам жарақаттармен ауруханаға түсті. Дәрігерлер әлі күнге 5 адамның жағдайы ауыр деп хабарлауда. Екі бала отадан кейін жасанды демалу аппаратына қосылды. Қалған жеті студент палатаға шығарылған. Ал алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі тұтқынға алынған. Әзірге әскери гранатаның сабаққа қалай әкелінгені әлі белгісіз.

Ал әлеуметтік желілерде бұл оқиға қызу талқыланып жатыр. Кейбір студенттердің айтуынша, гранатаның мұрындығын бір жігіт тартып жіберіп, оны еденге лақтырып жіберген. Тергеу кезінде осы сияқты барлық версиялар қаралып жатыр.

Илхам ИБРАХИМ