$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Павлодар облысының экс-әкімі Ерлан Арын өзіне тағылған айыптармен келіспейді

AstanaTV
19.11.2014ж. 10:00
1027
Павлодар облысының экс-әкімі Ерлан Арын өзіне тағылған айыптармен келіспейді

Павлодар облысының экс-әкімі Ерлан Арын өзіне тағылған айыптармен келіспейді. Бұл туралы ол сот алдында жауап беру кезінде айтты. Сот отырысында ол тергеушілер негізсіз айыптарды тағып, олардың кейбірінің тіпті күлкілі екенін де ескермегенін айтты. Күдіктінің сөзінше, олар ойдан шығырылған. Тергеу изоляторында отырған тоғыз ай ішінде Ерлан Арын істің барлық баптарымен толық танысып шыққанын айтып отыр. Және бір де біреуімен келіспеймін дейді.

Есеріңізге сала кетсек, экс-әкімге Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша - алаяқтық, ірі көлемде пара алу фактісі және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру деректері бойынша айып тағылып отыр. Ол үстіміздегі жылдың наурыз айында қамауға алынды.

Айгүл ӘДЕПБАЙ