$485.11 €523.82 ₽5.02
×

БҚО-ның Теректі ауданына қарасты Покатиловка ауылындағы мектептен бес бірдей мылтық қолды болды

AstanaTV
19.11.2014ж. 13:00
1151
БҚО-ның Теректі ауданына қарасты Покатиловка ауылындағы мектептен бес бірдей мылтық қолды болды

Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданына қарасты Покатиловка ауылындағы мектептен бес бірдей мылтық қолды болды. Жергілікті билік бұл ақпаратты арнамызға телефон арқылы растады. Олардың айтуынша, жоғалған мылтықтар атуға жарамды әскери қару емес, тирде мергендікті сынау үшін ғана қолданылатын пневматикалық қарулар.

Теректі ауданы әкімінің орынбасары Алтай Тоқжановтың сөзінше, қолды болған қаруларды алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысына шәкірттері сыйға тартыпты. Ал мектептегі мылтық біреу болғасын, пән мұғалімі өз үйіндегі мылтықтарын оқу құралы ретінде пайдаланған. Қазір ұрыны полиция іздестіруде.

Алтай Тоқжанов, БҚО Теректі ауданы әкімінің орынбасары:

Мылтықты алып келген балаларға сабақта көрсетуге. Өзінде бес мылтығы болған. Соны сабаққа әкеліп тастап кеткен ғой НВП кабинетіне. Соны бұзып балалар алып кеткен. Балалар ма, кімдер екені белгісіз әлі. РОВД жұмыс істеп жатыр бұл бағытта. Қару-жарақ бөлмесіне салмаған. Негізі өзінің жеке мылтықтары ғой. Ауданның мүлкі болмағасын, өзінің арызын РОВД қызметкерлеріне қабылдап, жұмыстанып жатыр.

Еркін КАРИН