$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Өскеменнің орталық алаңында қаланың бас шыршасы орнатылды

AstanaTV
19.11.2014ж. 13:00
1222
Өскеменнің орталық алаңында қаланың бас шыршасы орнатылды

Өскемен елден бұрын қаланың қақ ортасына жаңа жылдық шыршаны орнатып қойды. Шырша жасанды емес. Оны орманнан кесіп әкелген. Жаңа жыл символының биіктігі 24 метрден аспауы тиіс екен. Биік болса, оны безендіруде қиындықтар туындайтын көрінеді. Желтоқсанның біріне қарай шыршаны безендіреді.

Николай Воробьев,  «Спецкоммунтранс» ЖШС директоры:

Шыршаны Аяз атаның өзінен алдық. Черемшанка және Зимовье ауылдарының маңындағы орманнан әкелдік. Оның биіктігіне, түзулігіне және инелерінің жиілігіне қарай ұзақ жүріп таңдап алдық. Ол табиғат берген теңдессіз сый.

Жалпы жаңа жылдық шыршаны Тәуелсіздік мерекесінен бұрын орнату-орнатпау мәселесі - қоғам арасында өзекті тақырыптың бірі. Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында 16 желтоқсанға дейін әлем-жәлем шыршаларды орнатып, жаңа жылдық безендіруді бастамайтындарын айтқан еді.

Қырымбек Көшербаев, Қызылорда облысының әкімі:

Бірінші желтоқсан күні - Қазақстан Республикасы Президентінің күні, 16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесі, содан кейін әдемілеп безендіріп жақсылап жаңа жылды қарсы аламыз. Қызылорданы да, жай ауылды да.  

Айгүл ӘДЕПБАЙ