$485.11 €523.82 ₽5.02
×

«Гүлнәр тур» компаниясының басшысына мемлекетаралық іздеу жарияланды

AstanaTV
20.11.2014ж. 13:00
1399
«Гүлнәр тур» компаниясының басшысына мемлекетаралық іздеу жарияланды

«Гүлнәр тур» туристік агенттігінің басшысымен құрылтайшыларына мемлекетаралық іздеу жарияланды. Ішкі істер министрлігі өкілдерінің хабарлауынша, бұл іс бойынша 240 азамат пен 30 заңды тұлға өтіп жатыр. Тамыз айының соңында «Гүлнәр тур» лицензиясынан айырылған болатын. Ұлттық кәсіпкерлік палатасының мәліметінше, фирма директоры Әли Исмаилов жалған құжатпен шетел асып кетуі мүмкін.

Еске салсақ, туристік компания кесірінен талай отандасымыз сан соғып қалды.  Бүгінде 12 мың отбасы компания  келтірген материалдық шығынды қайтаруды талап етіп отыр. Тұтынушылардың шағымында талап етілген ең төменгі шығын көлемі - 600 мың теңге. 

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА