$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Граната жарылған колледждің әскери дайындық пәнінің мұғалімі 2 айға қамауға алынды

AstanaTV
20.11.2014ж. 13:00
895
Граната жарылған колледждің әскери дайындық пәнінің мұғалімі 2 айға қамауға алынды

Алматыдағы сән және дизайн коледжіндегі жарылысқа орай бүгін басты күдікті сот пәрменімен қамауға алынды. Бастапқы әскери дайындық пәнінің мұғалімін оқшаулауға істі тергеп жатқан ішкі істер департаменті өтініш түсірген. Алмалы аудандық соты күдіктіні екі айға қамау туралы шешім қабылдап отыр. Бұл туралы бүгін арнайы брифингте ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы мәлімдеді.

Айта кетейік, 17 қараша күні таңертең Алматыдағы кәсіптік білім беретін оқу орнында әскери граната жарылып, 1 оқушы көз жұмған болатын. Оқыс оқиға кезінде жардап шеккен тағы 12 адам ауруханада жатыр. Олардың 5-нің жағдайы ауыр. Жарылысты тексерген полиция Қылмыстық кодекстің  екі бабы негізінде қылмыстық іс қозғады.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД баспасөз хатшысы:

Алматы қаласы ІІД тергеу тобы кеше ғана Азамат Қарабалаевтың ісін сотқа жолдаған болатын. Бүгін оны екі айға бұлтартпау туралы шешім қабылданып, қамауға алынғанын мәлімдеп отырмыз.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ