$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Шығыс Қазақстан ақ түтек боранның астында қалды

AstanaTV
20.11.2014ж. 10:00
828
Шығыс Қазақстан ақ түтек боранның астында қалды

Шығыс Қазақстан ақ түтек боранның астында қалды. Семей қаласында күн райының бұзылуынан жолдар көрінбей, барлық бағытта көлік қозғалысы шектелді. Ауыл тұрғындарынан 112 нөміріне көмек сұраған хабарламалар көптеп түсе бастаған.

Осылайша төрт ауылда 18 малшы адасып кеткені мәлім болды. Төтеншеліктер 17 қойшыны адасып жүрген жерінен тапқан. Тағы біреуі бірнеше сағаттан соң үсік шалған күйінде табылды. Дәрігерлер, оның жағдайы қалыпты, дейді. Биыл таулы жерлерде 39 жылыну пункті жасақталған.

Евгений Шатурный, ШҚО ТЖД-нің сараптау бөлімінің бастығы:

Жылыну бекетінде бір адам күзете бастады. Жылы жерде алғашқы көмек көрсетуге жағдай жасалған. Егер адамдар адасып кетсе, құтқарушылар келгенше сонда барып жылынып, қаралып отыруға болады.

Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ