$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Астанада Қытай елшілігін салуға 3 гектар жер телімі беріледі

AstanaTV
21.11.2014ж. 10:00
1297
Астанада Қытай елшілігін салуға 3 гектар жер телімі беріледі

Астанада Қытай елшілігін салуға 3 гектар жер телімі беріледі. Сенат «Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық өкілдіктерді салу үшін жер учаскелерін өзара беру туралы келісімді» ратификациялады. Құжатқа сай жер телімі қытайлықтарға 49 жылға жалға беріледі. Өз кезегінде Қытай да Қазақстанға елшілік салуға Бейжіңнен 1 гектар көлемінде жер телімін бөледі.

Ерлан Ыдырысов, ҚР Сыртқы істер министрі:

Тепе-теңдік негізінде Қазақстан тарапына Қытай халық Республикасында Қазақстан Республикасы елшілігін салу үшін 1 шаршы 23 гектар жер телімін 49 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану шартында береді. Қазір Қазақстанның Қытайдағы елшілігінде аймағы 0 шаршы 53 га жер учаскесі бар, барлығын қосқанда, Бейжің қаласында Қазақстан тарапы 1 шаршы 76 гектар құрайтын учаскеге ие болады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ


 

Алдыңғы жаңалық