$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Қазақстанның кейбір облыстарында ауа температурасы 33 градусқа дейін төмендейді

AstanaTV
21.11.2014ж. 10:00
1132
Қазақстанның кейбір облыстарында ауа температурасы 33 градусқа дейін төмендейді

Қазақстанның солтүстігі мен орталығында биылдыққа алғаш рет сарышұнақ аяз болады. Синоптиктер қарашаның 23-і мен 25-і аралығында күн қатты суытады деп ескерту жариялап жатыр. Ауа температурасы жекелеген жерлерде 33 градусқа дейін төмендейді. Осыған байланысты республиканың кейбір өңірлерінде төтенше ескерту жарияланды.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында термометр көрсеткіші 33 градусқа дейін төмендейді. Оған қоса жылдамдығы секундына 25 метрге жететін жел соғады. Шығыс Қазақстан облысында да жел болып, кей жерлерде 30 градус аяз болады деп болжануда.

Илхам ИБРАХИМ

 

Алдыңғы жаңалық