$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Байқоңырдан пилотты «Союз ТМА-15М» кемесі ұшырылды

AstanaTV
24.11.2014ж. 10:00
1277
Байқоңырдан пилотты «Союз ТМА-15М» кемесі ұшырылды

Бүгін Астана уақыты бойынша түнгі сағат үште Байқоңырдан пилотты «Союз ТМА-15М» кемесі ұшырылды. Бұл туралы «Роскосмос» хабарлайды. Экипаж құрамында Антон Шкаплеров, Терри Вёртс және Саманта Кристофоретти бар.

Ал «Қазкосмос» баспасөз қызметінің хабарлауынша, зымыран-тасығыштың ажырайтын бөліктері Қарағанды облысы мен Шығыс Қазақстан облысының алдын ала белгіленген аудандарына, сондай-ақ Ресейдің Алтай аймағына құлаған.

Ұшуды басқару орталығы мамандарының айтуынша, экипаж құрамының жағдайы жақсы. Олар орбитада барлығы 170 тәулік болады. Және осы уақыт аралығында 200-ден астам ғылыми тәжірибе жасайды деп күтіліп отыр.

«Ұшырылымнан алты сағат өткеннен кейін «СОЮЗ ТМА-15А» кемесі халықаралық ғарыш станциясына сәтті жетті», - деп «Интерфакс» хабарлап жатыр.