$480.55 €533.75 ₽5.36
×

Алматы маңындағы Бесағаш ауылында даңқты спортшы Мұстафа Өзтүрікке ескерткіш ашылды

AstanaTV
24.11.2014ж. 10:00
1930
Алматы маңындағы Бесағаш ауылында даңқты спортшы Мұстафа Өзтүрікке ескерткіш ашылды

Қазақ даласына таэквандо өнерінің алғаш қазығын қаққан Мұстафа Өзтүрік биыл 60 жасқа толды. Демалыс күндері Алматы маңындағы Бесағаш ауылында даңқты спортшыға ескерткіш ашылды. Кореяның ежелгі жекпе-жек өнерін қазақ топырағына алғаш әкеліп насихаттаған Мұсафаның отбасы Германияда тұрады. Бүгінгі игі істі ұйымдасырушылар спортшының екі қызы мен зайыбын арнайы шақыртқан.

Ел спортының тарихында ерекше аталатын Мұстафа есімі тоқсанынышы жылдары бүкіл қазақ даласына әйгілі болды. Түркияда туып, әлемнің алты дүркін чемпионы атанған қандасымыз өскелең ұрпақ арасында таэквандоға үлкен серпін берді. Ол бүкіл мұсылман әлемінде осы шығыс жекпе-жегінен 6 данн иегері ретінде тарихта қалды. Алайда небәрі 40 жасында Алматыда беймәлім жағдайда қаза тапқан болатын. Қазір спорт маманының атында спорт мектебі мен көше атаулары бар.

Нұрилә Өзтүрік, М. Өзтүрік жары:

Мен бүгін осындай куанышқа келіп отырмын. Германиядан келдім. Өте әдемі еңселі ескерткіш екен. Көңілімізден шықты. Ол кісі Алматыда қайтыс болды, осында жүрді. Сондықтан оған деген ескерткіш осы жерден қойылып отыр. 

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ