$498.51 €522.84 ₽4.81
×

Өскеменде «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының 16-шы есеп беру-сайлау конференциясы өтті

AstanaTV
24.11.2014ж. 20:00
1881
Өскеменде «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының 16-шы есеп беру-сайлау конференциясы өтті

Елбасының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауы Шығыс Қазақстан экономикасының барлық саласының дамуына түрткі болады. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек партия мүшелерімен, кәсіпкерлер мен жас көшбасшылармен кездесуінде айтты. Өскеменде партияның облыстық филиалының 16-шы есеп беру-сайлау конференциясы өтті.

Бауыржан Байбек, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары:

Өткен жылы саяси доктринаны қабылдай отырып, біз еліміздің болашағы үшін партияның жауапкершілігі туралы сөз қозғаған едік. Саяси кеңес алаңында Мемлекет басшысы халыққа Жолдауын арнаған кезде біз бірінші кезекте партияға қойылған үлкен жауапкершілік ретінде қабылдадық.

Жиынға қатысушылар Мемлекет басшысының Жолдауда айтылған негізгі міндеттері мен «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының басымдылықтарын талқылады. Жолдардың құрылысы Азия мен Еуропа елдері үшін транзиттік мүмкіндік ашады. Тек жол ғана емес, транзиттік инфрақұрылым салу қажет. Ал бұл - контейнерлік, техникалық бекеттер, логистикалық алаңдар мен қоймалар. Бұлардың барлығы аймақта 40 мың жұмыс орнының ашылуына ықпал етеді. Тұрғын үй құрылысымен айналысатын компаниялар өсіп, алдыңғы қатарлы жаңа технологияларды пайдалануына түрткі болады. Ал ең бастысы - нарықта өз ісінің нағыз кәсібі қалады. «Нұрлы жол» бағдарламасы үшін мол қаржы қарастырылған.

Лұқбек Тұмашынов, құрылыс компаниясының бас директоры:

Мен құрылысшы ретінде болашақта өз ұжымымды жұмыс орнымен қамтамасыз етуге сенімім мол. Өйткені, бұл қаржы құрылыс саласына бағытталмақ.

Сондай-ақ, бүгін облыстық партияның конференциясында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов аймақтағы «Нұр Отан» партиясының аймақтық филиалы төрағасы болып, бірауыздан сайланды. 

Берік ХАСЕНОВ