$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Қостанайдағы №23 мектепте орын алған төтенше жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалды

AstanaTV
25.11.2014ж. 10:00
911
Қостанайдағы №23 мектепте орын алған төтенше жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қостанайдағы №23 мектепте орын алған төтенше жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы облыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің өкілдері мәлім етті.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жұма күні өткір иістің салдарынан мектептегі 500-ге жуық оқушы дереу сыртқа шығарылып, екі күнге сабақ тоқтатылған болатын. Арнайы тексеріс жүргізген мамандар білім ордасында аммиак қосындысының ауадағы мөлшері 40 есе көп екендігін анықтады. Бірақ газдың қайдан таралғаны беймәлім.

Қазір мектеп оқушылары үшін еш қауіп жоқ. Мектеп ауасы қайтадан қалыпқа келді. «Оқу үрдісі қайта жалғасты», - дейді департамент өкілдері.

Заңғар САНАЙ