$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Астана әкімі Әділбек Жақсыбековтің қаланың қардан тазалануына көңілі толмайды

AstanaTV
25.11.2014ж. 10:00
1034
Астана әкімі Әділбек Жақсыбековтің қаланың қардан тазалануына көңілі толмайды

Астана әкімі Әділбек Жақсыбековтің қаланың қардан тазалануына көңілі толмайды. Коммуналдық шаруашылықтардың мардымсыз жұмысын әкім аппарат жиналысында сынға алды, - деп жазады «Тенгриньюс». Қар тазалау тәсілінің өзгермегені, арнайы техникалардың бұрын бекітілген бағдарлармен ғана жүруі, және кей көшелердің мүлдем қардан тазармауы Жақсыбековке жақпай отыр.

Еске салайық, бұған дейін коммуналдық қызмет жүргізушілердің көліктерін жол бойына тастап кетуі жұмысты қиындатып отыр деген-ді. Сондай-ақ олар қардың шамадан тыс көп түскенін де айтқан.

Айта кетейік, «Қазгидромет» еліміздің басым аумағында қар жауып, боранды жел күшейеді деп болжап отыр. Тұман түсіп, көктайғақ болады, барлық облыстарда секундына 15-25 метр жылдамдықпен боранды жел соғады деп күтілуде. Елордамызда аязға байланысты бір мен төртінші сынып оқушыларының сабағы болмайды.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ