$485.11 €523.82 ₽5.02
×

ШҚО әкімідігі Үкіметке энергетикалық нысандарды жекешелендіруді тоқтата тұруды сұрап хат жазды

AstanaTV
25.11.2014ж. 13:00
992
ШҚО әкімідігі Үкіметке энергетикалық нысандарды жекешелендіруді тоқтата тұруды сұрап хат жазды

Шығыс Қазақстан облысының әкімідігі Үкіметке энергетикалық нысандарды жекешелендіруді тоқтата тұруды сұрап хат жазды. Әкімдіктегілер «Шығыс Қазақстан өңірлік электр желі компаниясы» акционерлік қоғамы мен «Шығыс энерготрейд» серіктестігін жеке қолға беру мерзімін шегеруді өтінуде.

Шенеуніктер энергожелі және станциялар сынды стратегиялық нысандар мемлекеттің бақылауында болған жағдайда ғана, оларды жөндеуге ақша құйылады деп санайды. Себебі облыстың алшақ аудандарындағы қуат желілері 60 пайызының тозығы жеткен. Осыдан 15 жыл бұрын Семейдің жылу орталығы жеке меншікке сатылған. Ал коммуналдық шаруашылық қолына тозығы жетіп қайтарылған энергоорталықтың зардабын семейліктер мен жергілікті билік әлі күнге тартып отыр.

Айтқазы Шерубаев, ШҚО энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы:

Бүкіл Қазақстан бойынша жаңағы 500 Квттық линия салынғалы жатыр. Бүкіл Қазақстанда, замкнутая система дейміз ғой, соны жасамақшы. Сол кезде біздің шығыстың компаниясы да біраз жағдайын көтерсе, деген ой. Негізінде қандай мықты жеке компания келсе де, оларға 1-2 жылдың ішінде көтеру қиын болады деген ой ғой. 

Азамат АЛДОҢҒАРОВ