$485.11 €523.82 ₽5.02
×

Фергюсондағы тәртіпсіздікке Американың алып қалалары да қолдау көрсетуде

AstanaTV
26.11.2014ж. 10:00
1074
Фергюсондағы тәртіпсіздікке Американың алып қалалары да қолдау көрсетуде

АҚШ-тың Фергюсон қаласындағы тәртіпсіздіктер тыйылар емес. Миссури штатындағы шағын қалада бастау алған наразылық акциясына Американың алып қалалары да қолдау көрсетуде. Қазіргі таңда қала отқа оранып, бірнеше орталық көшелер жабылған. Билік шаһарды қоқыстардың өрті мен қираған көліктерден тазарту үшін қарулы күштің көмегіне жүгінуде. Сол себептен әзірге атыстардың дыбысы тыйылар емес.

Еске сала кетейік, 9 тамыз күні жергілікті полицейлердің бірі келіспеушіліктің кесірінен қара нәсілді жасөспірімді атқан болатын. Алайда, құқық қорғау қызметкері сот алдында ақталып шықты. Оқиғаның орын алу себебі осыдан. Тұрғындардың айтуынша, егер де Майкл Браунның орнында ақ нәсілді азамат болғанда, тәртіп сақшылары оқ атпайтын еді. Жағдайдің нақты неден ушыққаны белгісіз. Алайда, бұл бүгінгі күні саяси тақырыпқа айналды. Тіпті Нью-Йорк пен Лос-Анжелесте де қарсылық шеруі ұйымдастырылды. Дегенмен, аталмыш қалалардағы ереуіл бейбіт түрде өтті.

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ