$485.11 €523.82 ₽5.02
×

28 қарашаға белгіленген «Протон М» зымыран-тасығышының ұшырылымы техникалық ақауға байланысты шегерілді

AstanaTV
26.11.2014ж. 13:00
1345
28 қарашаға белгіленген «Протон М» зымыран-тасығышының ұшырылымы техникалық ақауға байланысты шегерілді

Байқоңыр ғарыш айлағынан Astra 2G байланыс серiгi бар «Протон М» зымыран-тасығышының ұшырылымы кейінге шегерілді.  Ұшырылымның енді қашан жүзеге асатыны әзірге белгісіз. Ұшуға дайын тұрған «Протон-М» зымыран кешені жөндеу корпусына кері қайтарылды деп хабарлайды», - «Интерфакс» агенттігі.

Белгілі болғандай, алдын ала бақылау кезінде «Бриз М» жүрдек блогынан ақау шыққан. Зымыран-тасығыш ғарышқа алты тонналық «Еуропа» телекоммуникациялық серігін жеткізуі керек еді.

Айта өтейік, бұл зымыранды да Ресейдің «Хруничев атындағы мемлекеттiк ғылыми орталығы» жасаған. Күні кеше осы орталықтың қаржылық тапшылыққа тап болғанын хабарлаған болатынбыз. «Бүгінде кәсіпорын күрделі реконструкцияны қажет етеді», - деді аталмыш орталықтың  басшысы.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА