Байқоңыр тұрғындары рубльдің
құлдырауына байланысты сұрақтарын жұмыс берушілерге қойсын. Ұлттық экономика
министрі Ерболат Досаев бүгін Парламент Сенатының кеңейтілген кеңесінде осылай
деді.
Айтуынша, қолдан келер басқа қайран
жоқ. Айналымында теңге мен рубль бірдей
жүретін Байқоңыр қаласының тұрғындары рубльдің құнсыздануынан зардап шегіп
отырғанын күні кеше хабарлаған болатынбыз. Мұндағы Қазақстан азаматтары жалақы
мен зейнетақыны ресей рублімен алады. Ал, екінші деңгейлі
банктердің филиалдарынан алған несиелерін тек теңгемен төлейді. Ресей рублі
құлдырап, алатын жалақысы мен зейнетақысы мардымсыз болып қалған. Салдарынан
қазақстандық азаматтар шығынға батып отыр.
Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық экономика министрі:
Олар біріншіден, Ресей кәсіпорындарында жұмыс істегеннен кейін, жалақылары ресей соммасы болғаннан кейін, олар өздері қарап отыр. Бірақ, тікелей біз... Қалай біз. Қазақстандық кәсіпорын болса, онда біз көмектесе алмаймыз.
Сондай-ақ, бүгін Сенат Еуразиялық экономикалық одаққа
Арменияны қосу туралы шартты ратификациялады. Ұлттық экономика министрі Ерболат
Досаевтың айтуынша, бұл Армения тауарларының, капиталдың, қызмет көрсетулердің
және жұмыс күшінің еркін қозғалысын қамтамасыз етуге септігін тигізеді.
Арменияның интеграциялық процеске қатысуы, әсіресе металлургия, ауыл
шаруашылығы мен құрылыс саласында ынтымақтастықты кеңейе түспек. Енді Парламент
қабылдаған заң Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА